
03 KZ
б) Бір ұшы жерге тұйықталған құбыр,радиатор,тоқ плитасы,
тоңазытқыш сияқты нысандардан алыс болыңыз. Тоқ көзінің бір ұшы жерге
тұйықталған жағдайларда тоққа түсу қаупі жоғары болады
в) Электрқұрылғысын жаңбырдың немесе судық астында
қалдырмаңыз. Электрқұрылғысына су тисе, тоқ ұру қаупі
жоғарлайды.
г) Кабелді пайдаланғанда мұқият болыңыз.
Электрқұрылғысын кабелі арқылы тартпаңыз, қозғалтпаңыз, тоқтан
суырмаңыз.Құрылғының кабелін ыстықтан, майдан, өткір заттардан және қимылдайтын
денелерден алыста қолданыңыз. Бүлінген немесе шатасқан кабелді пайдалану тоққа
түсу қаупін тудырады.
д) Электрқұрылғысын ғимараттардан ұзақ жерлерде
пайдаланған кезде тоқ кабелін ұзартатын арнайы құрылғыларды пайдаланыңыз.
Электрқұрылғысын ғимараттардан ұзақ жерлерде пайдаланған кезде арнайы тоқ
кабелін ұзартқыш құрылғыларды пайдалану электр тоғына түсіп қалу қаупін азайтады.
е) Егер электрқұрылғысымен жұмыс жасау барысында
дымқыл немесе су көбейіп кеткен жағдайда қорғаныстық ажырату
құрылғысын (ҚҰҚ) пайдаланыңыз. Қорғаныстық ажырату құрылғысын
(ҚҰҚ) пайдалану тоққа түсу қаупін азайтады
3. ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК
а) Электрқұрылғысын пайдаланған кезде өте сергек, өз
әрекетіңізге мұқият болыңыз және ойыңыз жинақы болсын. Шаршап тұрғанда
немесе есірткі, алкоголь, дәрі-дәрмек пайдаланған жағдайда электрқұрылғысын
қолданбаңыз. Электрқұрылғысымен жұмыс жасау барысындағы тіпті елеусіз
мұқиятсыздықтың өзі ауыр жарақат тудыруы мүмкін
б) Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Әрқашан көзді қорғайтын құралдар пайдаланыңыз. Қорғаныс бетпердесі,
табаны таймайтын қорғаныс аяқкиім, каска және есту апаратын қорғайтын
құралдар пайдалану түрлі жарақаттар алудан қорғайды.
в) Құрылғыны кездейсоқ іске қоспаңыз.
Құрылғыны тоққа немесе аккумуляторға қосар алдында және бір жерден екінші жерге
ауыстырған кезде құрылғыны өшіру түймесінің өшіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Электрқұрылғысын бір жерден екінші жерге тасымалдағанда саусағыңыздың
құрылғыны қосу тетігінде тұрмағанына көз жеткізіңіз және тоққа қосатын кезде
құрылғыны қосу тетігінің өшіп тұрғанын қадағалаңыз. Олай болмаған жағдайда
жазатайым оқиға болу мүмкін.
г) Электрқұрылғысын қоспастан бұрын оның жұмысын
реттеу құралдары мен сомынды бұрайтын кілттен босатыңыз. Реттеу
құралы мен сомынды бұрайтын кілт электрқұралының бұралатын
бөлігінде қалып қойған жағдайда жарақат алуыңыз мүмкін.
д) Өзіңізді шамадан тыс шаршатпаңыз. Әрқашан
аяқтарыңызда нық тұрыңыз. Бұл сізге электрқұрылғысын дұрыс
пайдалануға мүмкіндік береді және оқыс оқиғалардың алдын алады
1. ЭЛЕКТРҚАУІПСІЗДІГІ